Ол төрт жыл бойы балаларына алимент төлеу туралы сот шешімін елемеген.
Павлодарда 29 жастағы әке балаларына 4,5 миллион теңге қарыз
Ашық дереккөз
333
оқылды

Полицейлер балаларына алимент бойынша берешегі бар павлодарлықты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алимент төлеуден жалтарған 29 жастағы павлодарлықтың қарызы 4,5 млн теңгеге жеткен.

"Жұбайымен ажырасқаннан кейін 29 жастағы ер адам бала тәрбиесіне араласпай, төрт жыл бойы балаларына алимент төлеу туралы сот шешімін елемеген. Нәтижесінде, оған іздеу жарияланды, ал алимент бойынша қарызының сомасы бүгінде 4,5 млн теңгеге жетті. Полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, қарызды өндіріп алу туралы сот шешімін одан әрі орындау үшін оны жеке сот орындаушысына тапсырды", – деп жазылған хабарламада.

Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.