Қазақстанның Тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті болып Әкім Тұрсұн сайланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ал бұған дейін республикалық федерацияны басқарған Әлихан Байменов ұйымның Құрметті президенті лауазымына бекітілді.
"Әлихан Байменов Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы президенті қызметін жалғастырады", – делінген федерацияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Әлихан Байменов республикалық федерацияны 2004-2025 жылдар аралығында басқарды.
Байменов бұған дейін Үкіметте жауапты қызметтер атқарған. Бүгінде ол Астана мемлекеттік қызмет хабы (ACSH) басқарушы комитетінің төрағасы.