Ол өткен жылы Ақмола облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарған.
Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Фото: Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен
136
оқылды

Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің өкімімен Ақжол Болатұлы Қылышбаев Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Ақжол Болатұлы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Өндiрiс ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 

Ақмола облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында және Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінде бас маман лауазымдарын атқарған.

Әр уақытта Энергетика басқармасының құқықтық бөлімін және энергетика және жылумен жабдықтау нысандары бөлімін басқарған.

– Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақмола облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болған. Өткен жылы Ақмола облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарған, – деп толықтырды Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Естеріңізге салсақ, осыған дейін өңірде Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып Нұрбек Бадырақов тағайындалған еді. Сондай-ақ  Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ақмола облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Досұлан Айтбаев тағайындалған. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы