Бақсай су арнасында шабақтарды құтқару шаралары жалғасуда. Өңірдегі мамандар 21 қаңтарда таңға дейін 2 млн-нан астам шабақты құтқарған, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Жалпы, бірнеше күн ішінде 8,5 млн шабақ құтқарылыпты. Жұмысқа 45 қызметкер мен 8 техника бірлігі жұмылдырылған. Құтқарылған салмағы 5-6 грамм болатын балықтар тірі күйінде Жайық өзеніне жеткізілуде.
Шаралар жалғасып жатыр. Жағдай Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бақылауында.