Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 500-ден астам жолаушыға қосымша пойыздар жүреді.
Астана-Қарағанды және Астана-Щучинск бағыттарындағы тасжолдар жабық
Фото: istockphoto.com
527
оқылды

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Астана-Қарағанды және Астана-Щучинск бағыттарындағы тасжолдарында қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілді, – деп хабарлайды Аikyn.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық тасымалдаушы 500-ден астам жолаушыны қосымша пойыздар арқылы тасымалдау шараларын ұйымдастыруда.

2025 жылдың 21 қаңтарынан бастап жолаушылар үшін келесі стансаларда пойыздарға отырғызу ұйымдастырылады:

Бурабай курорты стансасынан (Астанаға дейін):

 • №6830 «Көкшетау-Астана»;

 • №7508 «Көкшетау-Нұрлы-Жол».

Сарыбел стансасынан (Қарағанды мен Астанаға дейін):

 • №6857 «Қарағанды-Астана».

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, қолайсыз ауа райы кезінде жолаушылар тасымалын ерекше бақылауда ұстайды. Барлық азаматтарды сақтық шараларын сақтауға және алыс сапарларға шықпауға шақырамыз.