Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігін енгізіп жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Нәтижесінде, шектік баға саясатында өзгерістер болмақ. Вице-министр Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, тегін медициналық көмектің, МӘМС арқылы ем қабылдап жатқан науқастарға арналған дәрілердің шекті құны төмендейді. Сондай-ақ, түпнұсқамен сапасы бірдей препараттардың балама түрлері де 30%-ға арзандайды.
«Дәрі-дәрмек құнын төмендету құралы ретінде олардың бағасына бұрын енгізілген қосымша шығындарды алып тастау қарастырылған. Бұл маркетинг шығыны, тасымалдау шығыны және сапаны бағалауға арналған шығындар. МӘМС шеңберінде олар 20%-ға дейін, көтерме саудада - 25%-ға дейін, ал бөлшек сауда үшін 30%-ға дейін төмендетіледі», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ержан Нұрлыбаев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.