Әнші Алтынай Жорабаева желідегі парақшасына балконда жайылған етін көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол ет дүкенін жарнамалап, видео салған.
«Өзім ет жемейтін едім, Астанаға көшкелі отбасымызбен осылай екі жылқы сойып алатын болыппыз», – дейді әнші видеода.
Әншінің бұл сөзі желі қолданушыларының ашуына тиді.
«Ішетін тамақты салу – дым көрмегендік. Ешкім аш жүрген жоқ қазір. Ұят қой», «Етке де көз тиеді, бекер көрсеттіңіз», «Мәссаған, басқа мақтанатын зат қалмады ма?», «Етін, тамағын мақтанып көрсететіндерді түсінбеймін, ас болсын, әрине! Бірақ бұлай көрсетіп мақтану асыра сілтеу деп ойлаймын» деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.