Әшекей бұйым қазір Бакуде комада жатқан Халаева Хафисат Гусейнқызына тиесілі болып шықты.
«Комада жатқан әйелге тиесілі»: көріпкел Ақтауда ұшақ құлаған жерден сырға тауып алды (Видео)
Фото: видеодан кадр
1,042
оқылды

Қазақстандық көріпкел Баку ауруханасында жатқан науқастың сырғасын тауып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Әлеуметтік желіде Қазақстан тұрғыны, көріпкел Айгүл Бердіғалиева Ақтау маңында ұшақ апаты болған жерден сырға тауып алғанын айтқан.

Әзербайжандық 1news.az ақпарат агенттігі Айгүл Бердіғалиеваға хабарласып, сырғаның иесі болуы мүмкін адамды тапқанын хабарлады. Әшекей бұйым қазір Бакуде комада жатқан Халаева Хафисат Гусейнқызына тиесілі болып шықты.

Редакция тілшісі Х.Халаеваның күйеуімен тілдесті. Ол құқық қорғау органы қызметкерлері заттың бір бөлігін бұған дейін тапсырғанын, бірақ жаңадан табылған бұйым туралы әлі бейхабар екенін жеткізген.

Жәбірленушінің күйеуі редакцияға толық жиынтықтың суретін жіберді. Хафисат Халаева ұшақ апатынан кейін комада жатқан. Жақын күндері ол есін жиыпты.

Айгүл Бердіғалиева видеода сырғаны тапқан уақытта комада жатқан әйел есін жиып, өзіне келгенін айтады. Оның айтуынша, әйелдің аяғы ауыр және қазір өзін жақсы сезінеді.

Айта кетейік, Халаева авар ұлтынан, Әзербайжанның Балакен ауданында тұрады.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжан ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшыраған болатын. Қайғылы оқиғадан 38 адам қаза тауып, 29 адам ауруханаға жеткізілді.

Ресми мәлімет бойынша, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.