Өнер иесінің 9 жастағы бауыры қатерлі дерттен көз жұмған.
"Кешір бізді, қорғап қала алмадық": Тоқтар Серіков марқұм інісіне арнап жазба жариялады
Коллаж: politico.kz
2,582
оқылды

Танымал қазақстандық әнші Тоқтар Серіков ұзаққа созылған дерттен көз жұмған інісіне арнап жазба жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесінің 9 жастағы бауыры қатерлі дерттен көз жұмған. 

“Менің аяулы анам және сүйікті шөбересі – Мырзәлі. Әжесі қайтқан жаққа шөбересі де қайтты. Осылай жазу қандай ауыр десеңші?! Алтыным, ағатайлап құшақтап баурап алатын жан бауырым еді. Жастайыңнан жабысқан дертіңе бір мемлекеттің дәрмені жетпеу, арашалап алып қалмау өкініш болып тұр, ботақаным! Сен секілді көзі мөлтілдеген балапандар, біз секілді шырылдаған ата-аналар әлі жетеді. Қайырымы жоқ қоғам, безбүйрек басшылар бұл дүниені қайдан түсінсін?! Балапаным, қош бол! Сенің дертіңе шипа таппадық. Қорғап қала алмадық. Кешір бізді! Сен осындай болашағына бейқам қарайтын қоғамда тудың. Раббың қабыл алып, әжеңе жеткен шығарсың, құлыным! Әжеңе бәрін айт! Әжеңмен қорқытушы едің ғой. Әжеңе “қомағай қоғамның қолтырауындары әлі тойған жоқ” де. Алтыным, балапаным, мәңгілік мекенің жәннат болсын!”, – деп жазды әнші.