Жиында өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, Үкіметтің биылғы жылға арналған негізгі міндеттері айқындалады.
Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Фото: wikipedia.org
488
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 2025 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Сонымен қатар Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.