Шекаралық бақылауда азаматтар жалған және бөтен төлқұжатпен ұсталған.
Қаңтар айында жалған төлқұжатпен шекарадан өткен 16 факті анықталды
477
оқылды

2025 жылғы 18 қаңтарда Түркістан облысының «Жібек жолы» өткізу пунктінде шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде шетел азаматы басқа адамның төлқұжатымен Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтуге әрекеттенгені үшін ұсталған. Бұл туралы  Aikyn.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кету керек, 2025 жылдың басынан шекарашылар жалған және басқалардың төлқұжаттарын пайдаланудың 16 фактісін анықтаған.

2024 жылы халықаралық қатынас жолдарында 400-ден астам осындай құқық бұзушылықтардың жолы кесілген.

ҚР ҰҚК шекара қызметі хабарлағандай, елімізде жалған және бөтен құжаттарды пайдаланып шекарадан өткен азаматтар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.