ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2025 жылғы 22 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды:
Павлодар облысы:
-"Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" автожолының 0-231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы-Қарағанды облысының шекарасы).
Қарағанды облысы:
- "Қарағанды-Аягөз-Боғаз" автожолының 17-217 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы-Қарқаралы қаласы);
- "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы-Ботақара ауылы).
Жолды 23 қаңтар сағат 07:00 ашу жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.