Павлодарда ашылған «Си­қыр­лы құмыра» көрмесінде жұрт назарына музей қорындағы құмыралардың бірегей коллекциясы ұсынылған.
«Сиқырлы құмыра» көрмесі ашылды
170
оқылды

Олардың көбі Ертіс өңі­рін­де жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған көне жәдігерлер. Потанин атындағы облыстық өлкетану музейінде құмыралардың жүзге тарта түрі сақталған. Тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы Әлия Жомартованың айтуынша, ол кезде Қазақстан музейлерінде мұндай құнды жәдігерлер әлі болмаған. 

– Көне ыдыстардың түбі дөңгелек болып келеді және түрлі өрнектер салынған. Ыдыстың түбінде күн сәулесі бейнеленеді. Бұл ежелгі адамдар құмыраларды тек азық-түлік сақтау үшін емес өздеріне тән салт-жораларды жасау үшін пайдаланғанын білдіреді. Өрнектер арқылы кейінгі ұрпаққа ақпарат қалдыруы да мүмкін деп топшылаймыз, – дейді Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы Әлия Жомартова. 

Көрмеге Ақсу қаласының тарихи-өлкетану музейінен алғаш рет жәдігерлер әкелінді. «Сиқырлы құмыра» көрмесі археологтар мен тарихшылардың да назарын өзіне аударды. Ұйымдастырушылар музей қорында сақталған бірегей экспонаттарға халық өзінің лайықты бағасын береді деген сенімде.