Солтүстік Қазақстанда 38 жастағы азамат кешке үйінен су әкелу үшін шығып кеткен. Баласы ұзақ уақыт бойы оралмаған соң, анасы оны іздеп шыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Есік алдында жатқан із оны ауылдағы құдыққа әкелген. Ол баласының суда жатқанын көріп, көршілерін көмекке шақырған.
– 19 қаңтар күні СҚО Есіл ауданының Чириковка ауылында су алып жатқан 38 жастағы ауыл тұрғыны құдыққа түсіп кетіп, көз жұмды. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс тіркеді. Тергеу жүріп жатыр, – делінген СҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.