Тергеу барысында азаптау фактісі бойынша күдіктеліп отырған полицейлерге ешқайда кетпеу туралы қолхат беріліп, бұлтартпау шаралары қолданылған.
Ұлытау облысында полиция қызметкерлері әкімшілік жазаға тартылған адамды азаптаған
306
оқылды

Ұлытау облысында полиция қызметкерлері әкімшілік жазаға тартылған адамды азаптаған,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ұлытау облысының арнайы прокурорлары Жаңаарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушыны жеткізу барысында азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады», – делінген баспасөз хабарламасында.  

Тергеу барысында азаптау фактісі бойынша күдіктеліп отырған полицейлерге ешқайда кетпеу туралы қолхат беріліп, бұлтартпау шаралары қолданылған. Тергеу құжаттары іске қатысушы екі тарапқа да берілген. Қазіргі таңда ҚПК-нің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс құжаттармен танысу кезеңі басталған. Тараптар іспен танысқан соң, іс сотқа жолданады.