Сағат 13.00 шамасында Қарағанды облысы Ақсу-Аюлы ауылы "Екатеринбург-Алматы" автожолының 20 шақырымында автожолды қайта жаңарту учаскесінде алдын ала мәлімет бойынша, 19 жеңіл автокөлік жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz министрлік мәліметіне сәйкес.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, психологтер, ҚР ТЖМ АМО және жедел жәрдем дәрігерлері жедел жеткен. Оқиға болған жерде ТЖМ вахтасы орналасқан, онда ЖКО қатысушыларын жылыту жүзеге асырылады. Жедел жәрдем бригадасы Ақсу-Аюлы ауылындағы аудандық ауруханаға 9 адамды жеткізген. Қазіргі уақытта кептеліс жоқ, қозғалыс арнайы қарсы жолақ бойымен жүзеге асырылып жатыр.