Қазгидрометтің мәліметінше, қаңтардың екінші онкүндігінде республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысының күздік дәнді бидай себілетін аудандарында температуралық фон көбінесе нормадан жоғары болған, - деп хабарлайды Аikyn.kz .
Жауын-шашын көпжылдық нормадан аз түскен, тек оңтүстіктің жеке аудандарында нормаға жуық болған.
Алматы облысы мен Жетісу облысының бақылау учаскелерінде ауаның минималды температурасы минус 8...12ºС дейін, кей жерлерде (19ºС дейін) және күздік бидайдың түптену түйіні тереңдігіндегі (3 см) топырақтың минималды температурасы минус 4...6ºС дейін төмендеген. Топырақ 27 см-ден 52-ден см-ге дейін қатқан. Қар жамылғысының биіктігі 9-15 см-ден 19-30 см-ге дейін.
Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарында ауаның орташа температурасы минус 1...4ºС құраған, бұл нормадан 3...5ºС жоғары. Қар жамылғысының биіктігі 2-7 см, Түркістан облысының Тасарық метеостансасының маңайында 21 см дейін ауытқыған, оңтүстікте топырақ іс жүзінде еріген, тек Шымкент метеостансасының маңайында топырақ 11 см дейін және Қазығұрт метеостансасының жанында 1 см дейін қатқан. Қар жамылғысының биіктігі 5 см аз аудандарда күздік бидайдың әлсіз дамыған егістіктерінің қысқа төзімділігі төмендеуі мүмкін.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күздік бидайдың қыстауына орын алған агрометеорологиялық жағдайлар қанағаттанарлық. Қыстайтын дақылдар үшін қауіпті ауа мен топырақ температурасының төмен мәндері байқалмаған.
Осы онкүндікте еліміздің көптеген аймақтарының жайылымдарында мал жайылымы жүргізілген. Ақтөбе облысының Алға және Ырғыз аудандарында, Батыс Қазақстан облысының Казталов, Сырым және Жәнібек аудандарында, Қостанай облысының Арқалық ауданында малдарды қораларда ұстауға көшкен, Жетісу облысының Қаратал ауданында және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында мал өсірушілер аналық мал мен жас малды азықтандыруда.
Жайылымдарда шым көбінесе қатқақ күйде, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы, Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы, Жамбыл облысының Шу ауданындағы, Жетісу облысының Қаратал ауданындағы және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы кейбір жайылымдарында шым дымқыл.