ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жетісу облысында көлік қозғалысын шектеу
«2025 жылғы 23 қаңтар сағат 21:10 ауа райының бұзылуына байланысты "Үшарал-Достық" автожолының 10-164 шақырым аралығындағы учаскеде (Үшарал қ.-Достық ст.) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар 23 қаңтар сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда дизель отынмен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:
Ақмола облысы:
- "Астана-Петропавл" автожолының 18-232 шақырым аралығы (Астана қ.-Щучинск қ.).
Қостанай облысы:
- "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 7-108 шақырым аралығы (Тобыл қ.-Әулиекөл а.).
Жолды 24 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.