Ерке Есмахан 50 мың теңгеге өзі ойлап тапқан сотуарды сатылымға шығарған болатын.
Ерке Есмахан «Сотуардан түскен ақшаға Парижде шалқып жүр» деп сынағандарға жауап берді
Фото: instagram.com/ erke_esmahan
4,979
оқылды

Парижде демалып жүрген әнші өзін сынаған оқырмандарына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

"Сотуардан кеткен қателіктен бұрын біраз адамның көкейін тесіп бара жатқан осы саудадан тапқан ақшам екен ғой. «Сотуардың ақшасына Парижде шалқып жүр» деп жарыса жазып жатыр. Айналайындар, мен бұл табысты таппай тұрып Парижді 4 рет, дүниежүзін 5 рет аралаған адаммын. Сотуарсыз-ақ күйеуім мені үлде мен бүлдеге орап қойған Ерке Есмаханмын. Аллаға сансыз шүкір. Басқаның қателігіне қуанбай, біреудің ақшасын көре алмай, бос сөзбен өмір сүргенше, жұмыс жасап, миды қозғалтып, одан қателессең, онда қателікті түзеп, жөндеп, таза еңбектің терімен табыс тапқан абзалырақ, қандастар. Көп сөзден бір іс артық! Бұл "өмір" деп аталады", – деп жазды әнші.

Айта кетейік, әнші Ерке Есмахан 50 мың теңгеге өзі ойлап тапқан сотуарды сатылымға шығарған болатын. Сотуар алтын жалатылғанын, бірақ ішінде күміс екенін айтқан.

Алайда сатып алушылардың ішінде сотуар көп өтпей қарайып кеткенін айтып, шағымданғандар болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.