Актриса, блогер Әсел Асқар үшінші рет үйленген Жахан Отарғалиевке кеңес берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Актер жақында екі қызы бар келіншекке үйленген болатын. Әріптесі Әсел Асқар оларға бақыт тіледі.
“Міне енді, бұл аманатыңды ренжітпей, бағалап, ренжіскен кезде бетіне баспай, балаларына туған әкедей болу – үлкен жауапкершілік! Бақыт! Сабырлық! Сәттілік! Үлкен қадам! Досым, осы әйел адамды бақытты қылуға шамаң жететініне сенімдімін", – деп жазды актриса.
Әзілкеш бұл қадамға анасының айтуымен барғанын жеткізген болатын.
“Мен тек баласы бар келіншек аламын. Алла сұрағанымды берді”, – деп жазған еді актер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.