Елордалық өрт сөндірушілер жиһаз цехындағы өртті сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ мәліметінше, Байқоңыр ауданы Ақсай көшесі бойындағы бөлек тұрған жиһаз цехының ғимаратында жинақталған қоқыс пен станоктар өртенген.
– ТЖМ күштері қысқа мерзімде 40 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрт себебі анықталуда, – делінген хабарламада.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.