Қазір оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.
Атырауда екі жұмысшы биіктен құлап, біреуі мерт болды
290
оқылды

Атырауда тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы биіктен құлап кетті. Олардың біреуі оқиға орнында қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қайғылы оқиға 20 қаңтар күні болған.

– Атырау қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы 5-қабаттан құлағаны анықталды. Оқыс оқиға орнында 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттың салдарынан мерт болды. Ал 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді, – деп нақтылады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазір оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Соған сәйкес кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды.