Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаменті мен Білім басқармасы бірлесіп шара ұйымдастырды.
Әділдік пен адалдық принциптері басты назарда
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
206
оқылды

Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесу өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz 

Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектептің оқушыларымен өткен кездесуде Департаменттің превенция басқармасы басшысының орынбасары Ж.Жүсіпәлиев сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын түсіндіріп, оның алдын алудың маңыздылығына тоқталды. Ол оқушыларды заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуға шақырып, адалдық қағидаларын ұстанудың қажеттілігін атап өтті.

Кездесуге қатысқан Департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі А.Тохты өз тәжірибесімен бөліссе, Ж.Тұсмағамбетов сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары, парақорлықпен күрестің маңызы және әділдік пен адалдық принциптері жайлы айтты. Ол оқушыларды «Адал ұрпақ» клубына қосылуға және жемқорлыққа қарсы іс-шараларға белсенді атсалысуға шақырды.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, арнайы бейнероликтерді тамашалады. Ұйымдастырушылар бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.