Өткен жылы АҚШ-қа іссапар аясында МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай АҚШ-тың Кадрлық қызмет офисінің директоры Роб Шрайвермен кездесті.
АҚШ пен Қазақстан мамандары төтенше жағдайдың алдын алу  мәселесін талқылады
193
оқылды

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударып отыр.

Мемлекеттік қызмет саласында адами ресурстарды басқару бойынша озық тәжірибе алмасу мақсатында шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнатылып жатыр.

Өткен жылы АҚШ-қа іссапар аясында МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай АҚШ-тың Кадрлық қызмет офисінің директоры Роб Шрайвермен кездесті. Тараптар өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойып, мемлекеттік қызметтегі адами әлеуетті арттырудың маңызы туралы келісімге келді.

Аталған келісім негізінде 2025 жылғы 20 қаңтардан бастап Қазақстан төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлері үшін «Дағдарысты басқарудағы көшбасшылық» тақырыбында онлайн форматтағы үш күндік оқыту курсы өтіп жатыр.

Оқытушылар ретінде АҚШ-тың түрлі ведомство басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламаларын жүзеге асыратын Федералды атқарушы билік институтының профессорлары тартылды.

Қазақстан тарапынан оқытудан 57 мемлекеттік қызметші, яғни Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылық құрамы және жергілікті табиғи ресурстарды қорғау саласының басқарма басшылары өтті.

Аталған аудитория соңғы бірнеше жыл ішінде елімізде болған табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға және АҚШ-тың осындай жағдайларды басқарудағы бай тәжірибесіне байланысты таңдап алынды. Оқыту аясында тыңдаушылармен АҚШ-тың және Қазақстанның төтенше жағдайлар кейстері негізінде интерактивті талқылаулар өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.