Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Сингапурде өткен мемлекеттік басқару көшбасшыларының жаһандық форумына және Жаһандық үкіметтік саммитке қатысты.
Сингапурда өткен  жаһандық форум
188
оқылды

Іс-шара Сингапур, Канада, Ұлыбритания, Молдова, Эстония, Моңғолия елдерінің мемлекеттік қызмет саласындағы түрлі құрылым басшылары және жоғары лауазымды өкілдерінің қатысуымен өтті.

Форумда мемлекеттік қыз­мет­те жасанды интеллект мүм­кін­діктерін пайдалану мен циф­рлық трансформацияны жү­зеге асыру, таланттарды ірік­теу, мемлекеттік қызметшілер ара­сында жоғары әдеп стан­дарт­тарын қалыптастыру, ада­ми ресурстарды басқару мәсе­ле­лері талқыланды.

Панельдік сессияда сөз сөй­леген МҚІА төрағасы Дархан Жа­зықбай Агенттікті толық­қан­ды стратегиялық HR инс­титут­қа айналдыру бойынша Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндетті  жү­зе­ге асыру аясында атқарылып жат­қан жұмыстарға тоқталып, ме­м­лекеттік қызметте рекру­тинг әдістерін қолдану, кадрлық әлеуетті арттыру және талант­тар­ды тарту, іріктеудің цифрлық жүйе­сін енгізу, білікті маман­дар­ды мемлекеттік қызметке кон­курстық іріктеусіз қабылдау, мем­лекеттік қызметтің гиб­рид­тік моделін қалыптастыру бойынша еліміздің тәжіри­бесі­мен бөлісті. 

Қатысушылар мемлекеттік қыз­метте адам ресурстарын бас­қару, жасанды интеллект мүм­кіндіктерін пайдалануға қа­тысты тәжірибелерді ортаға са­лып, жасанды интеллект са­ла­сындағы инновациялар үшін «қолайлы орта» құру, оны дұрыс қол­дануды қамтамасыз ету мә­се­лелеріне назар аударды.

Шетелдік сарапшылар Қа­зақ­станның талантты жастар­ды, білікті мамандарды мем­ле­кет­тік қызметке тарту және олар­ды тұрақтандыру, мем­ле­кеттік қызметке қабылдауды цифрландыру, мемлекеттік қыз­меттің гибридтік моделін қа­лыптастыру тәжірибесіне қы­зығушылық танытты.

Іссапар аясында Мем­ле­кет­тік қызмет істері агенттігінің тө­рағасы Дархан Жазықбай Син­гапурдың Мемлекеттік қыз­мет басшысы Лео Иппен екі жақты кездесу өткізді. Кез­десу­де Сингапур мемлекеттік қыз­­мет колледжі мен Қазақстан Рес­публикасы Президенті жа­нын­дағы Мемлекет басқару ака­демиясы арасындағы өзара тү­сіністік меморандумы аясын­да мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру бойынша 2025 жылы жүзеге асырылатын іс-шаралар талқыланды. 

Сондай-ақ Агенттік төра­ға­сы Сингапур ұлттық универ­си­те­ті және Наньянг техно­ло­гия­лық университетінің бас­шы­лығымен мемлекеттік қызметшілердің құ­зыреттілігі және кәсіби дағ­ды­ларын арттыруға қатысты өза­ра ынтымақтастық кездесу­лерін өткізді.

Нәтижесінде, Қазақстан Рес­публикасының Мемлекет­тік қызмет істері агенттігі мен Син­гапур Ұлттық университеті ара­сында өзара түсіністік тура­лы меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында мем­ле­кеттік басқару мен қызметте озық тәжірибе алмасу, басшы­лық лауазымдағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арт­тыру бойынша қысқа мер­зім­ді оқыту курстары мен семи­нар­ларын ұйымдастыру, Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мек­тебінің оқу бағдарламалары бойын­ша оқыту көзделуде.

Сонымен қатар форум ая­сын­да МҚІА төрағасы Дархан Жа­зықбай мемлекеттік қыз­мет­ті дамыту және оны цифр­лан­дыру мәселелері бойынша Ұлы­британия Мемлекеттік қыз­метінің бас директоры және Ми­нистрлер кабинетінің тұ­рақ­ты хатшысы Кэтрин Лит­тл­мен,  Эстонияның Үкімет кең­се­сінің Мемлекеттік хатшысы Тай­мар Петеркоппен, Моң­ғо­лияның Мемлекеттік қызмет кең­сесінің төрайымы Цэдэв­сурэн Лхагвамен ынтымақтас­тық кездесулерін өткізіп, өзара тә­жірибе алмасу бойынша келі­сім­ге келді.

Ә.САМАТҰЛЫ