Марқұмның жақындары сот шешіміне қанағаттанбай отыр.
Жігіттің құны – 20 миллион теңге: Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген офицер 13 жылға сотталды
Ашық дереккөз
836
оқылды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі әскерилендірілген ауданаралық сотында Маңғыстаудағы әскери бөлімде мерзімді қызметтегі сарбазды тапаншамен атып өлтірген офицерге үкім оқылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Дамир Досов ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы  1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, – деді судья Тамара Королевская.

Сот үкімі күшінде қалса, айыпталушы қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді. Сондай-ақ  Дамир Досов әскери шенінен де айырылды.

Көз жұмған сарбаздың анасы Әсия Барқұлованың 50 млн теңге моральды шығын туралы талап-арызы ішінара қанағаттандырылды. Сот кінәлі тарапты оған 20 млн теңге төлеуге міндеттеді.