Бұл қазақ бағзы замандардан оқалы, шенді-шекпенді адам көрсе-ақ болды аяғына жығылып, қолын сүйіп, құрмет көрсеткен. Расында, шенділердің мысы басып тұрады.
Қорғаушы ма, зорлаушы ма?
184
оқылды

Сондықтан да олар қазір де құрметті. Біз оларға қорғанымыз деп ілтипатпен қараймыз. Соларға қарап сап түзегіміз келеді. Бірақ бүгінде иығына пагон таққандарға үрке қарайтын жағдайға жеттік. Оқалы десек, ауызымызға жоталы деген сөз түседі. Иә, олардың жоталары күжірейіп, адам жасамайтын тірліктерге барып жүр.

– Жағалыларды көрсем, жы­ным келеді, – деді менің Қожа­насырым жетіп келді де.

 – Неге? – деп аң-таң қалды Алдар ағатайымыз. Олар қорға­нымыз емес пе еді?

– Қорғанды тапқан екенсің?

– Не болып қалды?

Жұртты қыран-топан күлкіге қарық қылып, өзі де жайдары жүретін Қожекеңнің қабағы қарс жабулы. Түнерген бұлттай түрі­нен адам шошиды. Айтып отыр­са, иығына пагон таққандардан ұят кеткен.

Астанадағы госпитальдан шу шығады. Мұнда сырқат адамдар ғана жатпаушы ма еді? Ауру адам айқай-шуды көтереді ме? Сөйт­се, бәленің бәрі Қорғаныс ми­нис­трлігі Ақмола горнизонының әскери қызметкері 2016 жылы туған кәмелетке толмаған қызға зәбір көрсетіпті. Бұл пақырдың шені подполковник екен. Сонда подполковникке осы қылық жарасады ма? Қорғаныс минис­трлігінің арнайы өкілі бұл деректі растады. Сұмдық па? Сұмдықтың көкесі ғой.

Қарағанды қаласының тұрғы­ны Жанна Әсембаева өзін поли­ция қызметкері әріптесінің кө­зінше зорлағанын айтып, ша­ғым­данып жүргеніне жыл тол­ды. Ол полицияда өзіне жылы шырай танытып жүрген адамға алданып қалған. Сол полиция қызметкері Жаннаны досының үйіне қонаққа шақырады. Барса, үйде досынан басқа адам жоқ. Үшеуі аздап сыралатады. Сосын «сүйеді» деп сенген досы оны төсекке сүйреп, еріктен тыс зор-ламақ болады. Ол өз шаруасын тындырған соң қызды досына сыйламақ болады. Бірақ серігінің ұяты оянды ма кім білсін, теріс әрекетке бара қоймапты. Екеуі сөзге келіп, ерегісіп тұрғанда Жанна есебін тауып 102-ге қоңырау шалады. Алайда жедел жеткенімен патруль қыздан еш­теңе сұрамайды, жауап та алмай­ды. Медициналық тексеруден өткізуді де жөн деп санамайды. Мұны енді «қарға қарғаның көзін шұқымайдыға» жатқызуға бола­ды. Осы екі ортада қызды жәбір­леген полиция қызметкері өзіндік қауіпсіздік басқармасының бас-тығына 3 миллион теңге беріп, жазадан құтылып кетті деген сөз бар. Бірақ, мұны дәлелдеу қиынға соғады. Ол түгілі қыздың өзі сол күні зорланғанын дәлелдей алмай жүр. «Қарғалар» бірін-бірі қор-ғаштап жүргенде зорланған қыз уақытты өткізіп алған.

Бұдан бұрын да осындай жағдай орын алған. Үш полиция қызметкері топтасып қыз зорлап, тұтқындалғанда министрлік «бұл жағымсыз, масқара жағдай» деп мәлімдегені де есте.

Алматыдағы ЛА 155/18 меке­ме­сінде Наталия Спекишинаны төрт еркек жабылып зорлаған. Ол содан жүкті болып қалады. Бірақ шенділер оны осы әрекетке өз ырқымен барды деп, қылмыстық істі жылы жауып қоя салыпты. Наталья төрт бірдей еркекке етегін өздігінен көтермейтін шы­ғар енді. Алайда күштінің құйры­ғы диірмен тартады.

Қорғаушы (адвокат) «қор-ғаушы» деген атына сай болуы керек еді. Бірақ қорғаушыдан да зорлаушы шығып жатса не айтар-сыз?  Адвокад Бақытжан Хасенов таныс әйелді табиғатты тамаша-лап қайтамыз деп серуенге шақы-рады. Табиғат аясына баруын ба-рады, бірақ әйел жылап қайтады. Оны адвокад машинаның ішінде зор­лаған көрінеді.

Ал мына адвокаттың жасаған тірлігін сайтан да жасай алмайды.  Ерлан Мұхаметжанов деген адво­кат Қостанай стансасының бас­шысы Бауыржан Танкеев деген досына барады. Оған «сенің үстіңнен мемлекеттік кірістер жөніндегі департамент қылмыс­тық іс қозғап жатыр. Сол депар­таментте таныс офицерім бар. Онымен жақын қарым-қатынас­тамын. Осы деректі содан естідім. Егер 5 миллион теңге берсең, істі жым-жылас жоқ қыламыз» деп жанашырлық танытады. Станса бастығы ма-шинасын сатады, қарызданып-қауғаланады. Ақыры, сұраған қаржыны тауып береді. Осы екі аралықта адвокат пара алу жағ-дайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қыз-меткерлеріне хабарлай қояды. Олар дереу іске кіріседі. Бастықты департаментке алдырып, алты сағат бойы тергейді. Ол қысымнан босаған соң үйіне келіп, асылып өледі. 

Таңғаларлығы сол, мемле­кеттік кірістер департаментінде ешқандай да қылмыстық іс қозғалмаған екен. Бұл құйтыр­қылықты адвокад пен офицер пайда табу үшін қасақана жасаған екен. Неткен аярлық десеңші! Досқа да осындай қастандық жасауға болады ма? 

– Әй, қорғаушылар-ай! Қор­ғау­шысыңдар ма? Зорлаушысың­дар ма? Не болып кеткен мына дүние? – деп күйіп-піскен Алдар аға ауыр күрсінді.

Ол енді алыс бір жолға шықты. Қайда бара жатыр? Сірә, Астана жақты бетке алды-ау шамасы...

С.ОЛЖАБАЙ