Ақтөбеде полицейлер ақша бопсалады деген күдікпен бір топ жастарды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Ақтөбе оқу орындарының бірінің үш студенті ұсталды. Олар 18 жастағы екі жәбірленушіні қорқытып, 100 мың теңгеге жуық қаражат бопсалаған", – делінген хабарламада.
Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар кінәсін мойындап, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Полиция оқу орындарындағы қылмыс фактілеріне уақытылы ден қоюдың маңыздылығына мән беріп, жастар арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырды", – деп қосты полиция.