Блогер Құлпынай Калменова күйеуінің кішкентай екі қызбен түнгі уақытта хат жазысып, сезімін білдіргенін айтқан болатын.
Көңіл күйін көтеру мақсатында жаздым: блогер 11 жастағы қызбен не үшін хат жазысқанын айтты
Видеодан алынған кадр
2,340
оқылды

Жасөспірім қыздарға қырындады деп айыпталған блогер Қолғанат Жұмабаев журналист Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, 11 жастағы қыздарға жіберген хабарламаларына да, бірге түскен фотоларына да ұялмайтынын мәлімдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Менің жасым 30-да. Қасымдағы қыздың жасы 11-де. Арамызда туыстық қарым-қатынас жоқ. Үйреншікті нәрсе сияқты, шыны керек. Мына сурет үшін ұялмаймын. Ешқандай арам ойым жоқ»,  деді блогер.

Журналист «Мына фотоға басым айналып кетті деп жазыпсың» деп төтесінен сұрады. 

«Кішкене көңіл күйін көтеру мақсатында оған жекесіне фотоны жіберіп, сен сондай сұлусың, көкем деп жібергенім бар. Оны мойындаймын. Көңіл күйін көтеру мақсатында жаздым»,  деді ол.

Айта кетсек, блогер Құлпынай Калменова күйеуінің барбершопта балалардың шашын алатынын, жуырда телефонынан кішкентай екі қызбен түнгі уақытта хат жазысып, сезімін білдіргенін жариялаған.

Қолғанат Жұмабаевтың 10-11 жастағы екі қызға «Ғашық болып қалдым ғой» деп жазып, олардың аттарын «Айшам», «Тырысқағым» деп сақтап қойғанын байқауға болады.