Өрт 2025 жылдың 25 қаңтарында сағат 15.00 шамасында тұтанған.
"Алматы Аренадан" өрт шықты
ТЖМ
549
оқылды

ТЖД қызметкерлері "Алматы Аренада" шыққан өртті сөндіріп жатыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт спорт кешенінің кіші залында бірінші қабатта басталған, онда да төсеніштер өртенген.

Ондағы бөгде адамдар мен қызметкерлер өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттан өз бетінше шыққан. Газ-түтіннен қорғау қызметінің звеносы құтқару қалпақтарының көмегімен төрт баланы эвакуациялады,  деді төтеншеліктер.

Өрттің алдын ала ауданы 40 шаршы метрді құрайды.