Қазақ сәйгүліктері Дубайда өткен дүбірлі додаға қатысты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
24.kz арнасы тілшісінің хабарлауынша, бұл жолы біздің арғымақтар жүлде еншілемесе де, әлемдік аламанның көркін қыздырды. Әсіресе, жұрт назары «Қабірханға» ауды.
Ол «Әл Мактум» ұшқырлар бәйгесінде ол жетінші болып мәре сызығын қиды.
Эмиратта ұшқыр бәйге жақсы дамыған. Біздің Алматы бәйгесі де жақсы көрсетіп жатыр. Биыл Қазақстан атынан былтырмен салыстырғанда 15 жаңа тұлпар жарысқа қатысып жатыр, – дейді атбегі Қанат Мединов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз