Белсенді демалыс пен таулы аймақ қауіпті болуы мүмкін.
ТЖМ тауға баратындарға кеңес айтты
istockphoto.com
340
оқылды

Белсенді демалыс пен таулы аймақ қауіпті болуы мүмкін, – деп хабарлайды Аikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, саяхатқа шығарда, ең алдымен, 112 қызметіне маршрутыңыз туралы хабарлаңыз.

Ауа райы жағдайы нашарласа, саяхаттан бас тартыңыз. Жылы және қабат-қабат киініңіз.

Өзіңізбен бірге міндетті түрде:
- термостағы ыстық шай мен жеңіл тамақ;
- алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы;
- шамдар;
- қолшам;
- сіріңке;
- полиэтилен пакеттер;
- пышақ;
- телефон және қосымша қуаттандырғыш алыңыз.
Қосымша шұлық, қолғап және қорғаныс көзілдірігін алуды ұмытпаңыз, – деп хабарлайды ТЖМ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз