БҰҰ өкілдері мәліметі.
Газа секторындағы үйлердің 92 пайызы бүлінген
istockphoto.com
861
оқылды

Газа секторындағы үйлердің 92% бүлінген, – деп хабарлайды Аikyn.kz  24.kz арнасына сілтеме жасап

БҰҰ-ның өкілдері мәліметінше, Газа секторының инфрақұрылымын қалпына келтіруге бірнеше жыл қажет. 

Қарулы қақтығыстан, әсіресе, өңірдің солтүстік аудандары қатты зардап шеккен. Атыс-шабыс салдарынан Газадағы үйлердің 92%-ы қираған. Оның ішінде 160 мың баспана жермен жексен болса, 276 мыңы бүлінген.

Соның салдарынан тұрғындардың көбі қазір уақытша құрылған шатырларда тұруға мәжбүр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз