Былтыр жалпы құны 89 млрд теңгені құрайтын 260 мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды
"Автокөліктер, сағаттар, зергерлік бұйымдар": Мемлекетке қайтарылған мүлік ақпанда аукционға қойылады
istockphoto.com
1,380
оқылды

Мемлекетке қайтарылған мүлік ақпанда аукционға қойылады, – деп хабарлайды Аikyn.kz

24.kz мәліметінше, былтыр жалпы құны 89 млрд теңгені құрайтын 260 мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 14-і аукцион арқылы сатылды. Ең арзаны Біріккен Араб Әмірлігінен қайтарылған 30 млн теңге тұратын темір тұлпар. Ал ең қымбатының құны 6 жарым миллиард теңге. Дәл осындай бағадағы аукционға қатысқан азаматтың бірі коммерциялық ғимаратты сатып алған. 

Аукцион тек E-qazyna порталында онлайн ойнатылады. Сайтқа тіркеліп, жеке басын растаған кез келген адам байқауға қатыса алады. Басты талап шотыңызда саудаға салынған мүлік бағасының 15 проценті болуы керек.

Келесі аукцион ақпан айының 5-іне белгіленген. Ол күні Алматы облысындағы 6 жер учаскесі, 2 бірдей серіктестің үлесі және 1 ғимарат пен 1 коммерциялық нысан сатылымға шығарылады. Айта кетер ақпар, аукционға қатысушы азаматтар өзінен бөлек тағы қанша қатысушы барын біле алмайды. Жеңімпаздың есімі жарияланбайды

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз