Мұнда қойылған әр жәдігер өз дәуіріндегі тылсым тарихтан сыр шертеді
Астанада ел тарихына қатысты тың жәдігерлер қойылған ерекше көрме өтті
Видеодан скриншот
627
оқылды

Астанада ел тарихына қатысты тың жәдігерлер қойылған ерекше көрме өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz

24.kz тілшісінің хабарлауынша, іс-шараны Қазақстан тарихшылар конгресі, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты және Ұлттық музей бірлесіп ұйымдастырды.

«Қазақстан археологиясы: жаңа ашылымдар» деп аталатын көрмеде тас ғасырынан бастап Алтын орда дәуіріне дейінгі кезең толық қамтылған. Мұнда қойылған әр жәдігер өз дәуіріндегі тылсым тарихтан сыр шертеді. Мәселен, Тарбағатай ауданынан табылған алтын адамның киімінен бұрын белгісіз болып келген деректер анықталған.

- Реконструкциядан мемлекеттік атрибуттардың бәрін көрцуге болады. Патшалық биліктің белгісі – тәж, ресми халат таққа отырғанда киетін, символдық оюлармен бейнеленген. Алтын белдік пен қару, бұл жерде қанжар, семсер сосын. Және де осындай тақ. Мемлекеттік атрибуттардың бәрі түркі заманында қалыптасып, өзінің формасын қабылдағанын көреміз. Яғни, қазіргі біздің мемлекеттік атрибуттарымыздың түп-тамыры осы заманнан келе жатыр деп айта аламыз, дейді суретші, этнограф Қалиолла Ахметжан.

Тағы бір ерекше кезең – Ғұн дәуірі. Еліміздің батыс өңірінде осы заманның ескерткіштері көптеп табылып жатыр. Солардың бірі – алтыннан құйылып, асыл тастармен көмкерілген қылыш. Бұл ғұндардың Ұлы көші ел аумағын басып өткені және жергілікті тайпалармен мәдени байланыста болғанын көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз