Бүгін, яғни 25 қаңтарда Family Village тұрғын алабын табиғи газбен жабдықтау жүйесіне қосу аяқталды, , – деп хабарлайды Аikyn.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалының күшімен тұрғын үй массивінің тарату желілеріне газ алғаш рет қосылды, онда 458 үй көгілдір отынға қол жеткізді. Бұл халықтың өмір сүру сапасын және экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған қаланы газдандырудың ауқымды жобасының бөлігі болып саналады.
Жоба аясында 8,7 шақырым газ тарату желісі салынып, 277 газ тарату шкаф пункті орнатылды.
Бұған дейін әкімдік газдандырудың екі кезегінің құрылысын аяқтады. Олар – Сарыарқа ауданы (Көктал-1, Көктал-2 елді мекендері, Агроқалашық және қаланың ескі бөлігіндегі Потанин көшесінің аумағы), Алматы ауданы (Железнодорожный, Промышленный елді мекендері, сол сияқты Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің оң және сол жақ бөліктері, Интернациональный, сондай-ақ Ақбидай, Қазақауыл шағынаудандары), Сарайшық ауданы (Күйгенжар және Мичурино елді мекендері), Есіл ауданы (Велла Вилладж коттедж қалашығы, Куршавель т/к, Фэмэли таун, Фэмэли парк т/к) және Нұра ауданы (Будапешт, Космик Сити тұрғын үй кешендері).