Әлеуметтік желіге Димаш Құдайберген туралы айтқан емшінің пікірі тарады, - деп жазады Aikyn.kz.
ТікТок-та Нұрбек Жағыпаров есімді қолданушы аталған бейнежазбаны бөліскен.
“Мен көбіне теледидар қарамаймын. Әншілерде шаруам да жоқ. Бір күні дәрет алу үшін сыртқа шығып бара жатып, теледидардан біреу ән айтып тұрғанын көрдім. Кім екенін білмеймін, бірақ кейін оның Димаш Құдайберген екенін білдім. Сол сәтте менің құлағыма бір дауыс келді: "Бұл – әнші емес” деп біреу сыбырлағандай болды. Димаш әнші емес, ол – Алланың қалауымен бүкіл халықты біріктіруге жіберілген миссионер. Оның міндеті басқа. Бірақ әнімен адамдарды емдей алады. Өйткені даусының өзі жанға шипа", – дейді емші әйел.
@turbo_nurba Димаш Кудайберген, емші Бибигуль. СКО Жанадәүір ауылы
♬ original sound - Нурбек Жагипаров