Хит болған Дубай шоколады мен Shine Muskat жүзімі санитарлық талапқа сай болмай шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сондай-ақ ОRDA TRADE Аstana, Наѕѕаn Pakistan, Orda Gold шайларын енді сатып алмай, айналып өту керек.
Себебі мамандар бұл өнімнің құрамынан денсаулыққа зиян Е-102, Е-110 бояғыштарын тауыпты. Сондықтан бұлар суық су құйса да, бұл шай ерекше қызыл күрең боп шығып, тура жарнамадағыдай реңк береді екен.
Бұдан бөлек, сол шайға қататын сүттің де біразына зерттеу жүргізілген. Нәтижесінде, беларуссиялық "Савушкиннің" зерттеу сынамалары СЭС мамандарының көңіліне күдік ұялатыпты.
КТК телеарнасы жазғандай, жалпы қаланың әр шетіндегі 454 сауда нүктесінде 119 өнім сынақтан өткізілген. Қара тізімге ілінген тауар қатарында Түркия, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстаннан шыққан оқушы сөмкесі, мектеп формалары мен ойыншықтарға дейін бар.
"119 өнімнің 31 өнімі – азық-түлік өнімі, оның ішінде корей өндірісінде тез дайындалатын лапша, т.б. Олар таңбалануы бойынша сәйкес келмеді. Сонымен қатар "Орта Трэйд", "Реал Трейд Астана" өнірісінің шайлары, Пәкістан шайлары бар", – деді Астана СЭБД бөлім басшысы Қарлығаш Әбдішева.