Қазіргі уақытта жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82 пайызы қазақстандық отбасыларда тәрбиеленіп жатыр, – деп жазады Aikyn.kz.
Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР Заңындағы негізгі шаралардың бірі – балаларға қатысты құқықбұзушылықтар үшін жазаны қатаңдату және кәмелетке толмағандарға жәбір көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу.
Бүгінде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82 пайызы қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, тағы 3 мыңнан астам бала жаңа отбасын тапты.
2025 жылдан бастап отбасылық орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасылар енгізілмек. Бұл бастама қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қамқорлық көрсетіп, оларға үй жағдайында қолайлы орта құру мақсатында жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта Павлодар облысында 6 қабылдаушы отбасында 28 бала тәрбиеленуде.