Тілсіз жау екі жүк көлігі тұрған гаражда тұтанған.
Петропавлдағы ағаш материалдарын сататын кәсіпорын аумағында өрт шықты
ТЖМ
645
оқылды

Петропавл қаласындағы Ж.Қизатов көшесінде ағаш материалдарын сататын кәсіпорын аумағында өрт шықты, – деп жазады Aikyn.kz.

ТЖМ қызметкерлері кәсіпорын аумағындағы өртті оқшаулады.

– 252 шаршы метр алаңдағы өрт оқшауланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, – деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. 

Кәсіпорындағы материалдардың тез жанатыны да өртті ауыздықтауда қиындық тудырды. Алайда өрт сөндірушілердің шапшаң қимылының арқасында өрт тез сөндірілді.