Қандасқа сапасыз үй сыйлаған
Қандасқа сапасыз үй сыйлаған
222
оқылды
Елордада «Отандастар қоры» жанындағы Қоғамдық комиссияның отырысы өтті. Басқосуға Президент Әкім­шілігі мен Ақпарат және қоғамдық даму, Ауыл шаруашы­лығы, Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері, облыс пен қала әкімдігінің жауапты басшы­лары қатысты. Жиын­да қандастарымызды елге қайтару, оларды баспанамен қамту мәселелері де айтылды. Ақмола облысының Крас­ный Яр және Шы­ғыс Қазақстан облысының Шығыс ауыл­дарында шетелден көшіп келген қандастарымыздың үй-жай мәселесі де әлі күнге шешімін таппай отыр. Қан­дастарымызға оқулық жетіспеушілігі тағы бар.  Қоғамдық комиссия мүшелерін толғандырған негізгі мәселелердің бірі – осы. Ақмола облысының Крас­ный Яр және Шығыс Қазақстан облысының Шығыс ауыл­да­рында шетелден көшіп келген қандастарымызға арналған үй-жай мәселесі әлі өзекті болып отыр. Қандастарды оқулық, көр­кем әдебиетпен қамтамасыз ету жайы да толық шешілмеген. Жиында қоғамдық комис­сия мүшелері мәселенің шешу жолдарын талқылап, өз пікірін білдірді.    width= – Былтыр қараша айында Ақмола облысы Красный Яр ауылына іссапармен барған бо­латынбыз. Сол кезде көшіп кел­ген қандастарымызға жеңіл­дікпен берілген үйлердің жағ­дайын көрдік. Дегенмен көңіл толмады, үйлер сапасыз, қа­бырғалары жұқа. Тіпті, іргетасы құйылмаған, едендеріне қара қағаз төсей салған. 2009 жылы салынған үйлер екен. Біздің қайран қалғанымыз, сапасыз салынған бір үйге 59 мың дол­лардан жұмсаған екен. Есеп­тесек, бұл ақшаға зәулім үйлер салуға болады. Бірақ жауапты тұлғалар сапасыз үйлерді неге қабылдағаны түсініксіз. Яғни, ақша талан-таражға түскен. Осыны айтып, Үкіметпен ақыл­дасып жатырмыз. Қандастар мәселесіне бұлай бейжай қарауға болмайды, – деді Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы. Облыс пен қала басшыла­рының мәселеге қатысты жа­уабы тыңдалғаннан кейін қа­был­данған шешімдер Үкімет жа­нындағы Шетелдегі отан­дас­тармен мәдени-гуманитар­лық байланыстарды дамыту жө­нін­дегі ведомствоаралық ко­мис­сияның қарауына жіберілді.   Мадияр ТӨЛЕУ