Қазақстандық профессор құлаққаппен жүретін жастарға ескерту жасады.
Жастар естімейді: профессор құлаққаптың зияны туралы айтты
pixabay.com
516
оқылды

Ғалым Райс Төлебаев жастардың көбінің есту қабілеті нашарлап жатқанын айтып, дабыл қақты, - деп жазады Aikyn.kz.

Оның сөзіне қарағанда, бұған себеп - қатты музыка.

"Абай" телеарнасының "Вечные ценности" бағдарламасына сұхбат берген профессор жастарды физиологиялық музыка тыңдауға шақырды.

"Белгілі бір нормативтер бар. Қаттылығы бұл өлшемнен жоғары музыканы тыңдауға болмайды. Ал қазір бәрі құлаққаптармен, телефондармен жүреді. Мұның бәрі есту талшықтарына әсер етіп, ақыр соңында есту талшықтарының деградациясына әкеп соқтырады. Бұрын жасы келгендердің есту қабілеті нашарласа, қазір жастар естімейтін болып жүр", - деген ол жастарға музыка таңдауда классикаға назар аударуға кеңес берді.