Абай облысы Ақсуат ауданында 7-сынып оқушысы мыңға жуық асық жинаған, – деп хабарлайды Аikyn.kz
24.kz арнасы тілшісінің хабарлауынша, Амантай Нұраян үш жыл ішінде қойдың, тоқтының және ешкінің 902 асығын жинаған. Енді бұл санды 1000-ға жеткізуді жоспарлап отыр.
Қожагелді батыр атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Нұраянға асық атуды ағасы үйреткен. Үш жыл бұрын ұлттық ойынға қызығушылығы артып, асық жинай бастаған. Қолы қалт ете қалса достарымен асық ойнап, сақа жасағанды жақсы көреді.
- Бұл жерде біз жүгіреміз, секіреміз, көздейміз, атамыз. Ұтамыз, кейде ұтыламыз. Ойын болған соң бәсекеге түсеміз. Ағам маған сегіз жасымда асық ойнауды үйретті. Сосын мен өзіме ұнаған асықтарды жинап бастадым. Содан үш жылдың ішінде 902 асық жинадым, - дейді Нұраян Амантай.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз