Бүгінде “Күйшілер одағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалдары он екі облыста ресми түрде тіркеліп, жұмысын жасап жатыр.
«Күйшілер одағы» филиал жетекшілерінің кездесуі өтті
«Күйшілер одағы» ұсынған
766
оқылды

Жуырда “Күйшілер одағы” филиал жетекшілерінің онлайн кездесуі өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz  “Күйшілер одағының” баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Одақтың төрағасы А. Кенжеғалиев Астана қаласы және Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары бойынша жаңадан тағайындалған филиал жетекшілерімен таныстырып, жылдық жоспарды ортаға салды.

– Біздің биылға қойып отырған мақсатымыз көп. Республика көлемінде түрлі шараларды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, биыл бірнеше күйшінің мерейтойы бар, оны да ұмытпайық. Бастысы күйшілік өнерді насихаттап, ата-бабамыздың мұрасын кейінгі ұрпаққа өз деңгейінде табыстауға әрекет етейік, – деді Асқар Кенжеғалиев.

Жиында бірнеше филиал жетекшілері сөз сөйлеп, өз ойын ортаға салды.

Еске сала кетсек, бүгінде “Күйшілер одағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалдары он екі облыста ресми түрде тіркеліп, жұмысын жасап жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз