Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында биыл 25 бейнебақылау камерасы орнатылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz BAQ.KZ сілтеме жасап.
Жабдықтар аудан орталығының негізгі көшелерінде, сондай-ақ елді мекенге кіреберістерде және адамдар көп жиналатын жерлерде орналасқан.
Ақсу-Аюлы әкімі Дархан Смаиловтың айтуынша, қондырылған құрылғылар замануи функциялармен, соның ішінде адамдардың беті мен автомобильдерді дәл тану функциясымен жабдықталған.
Камералар автонөмірлерді талдау арқылы көлік құралының немесе оның иесінің іздеуде екенін анықтай алады.
Камералардан барлық ақпарат полиция бөліміне келіп түседі, онда қызметкерлер тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қадағалайды.
Мұндай жүйелерді енгізу оқиғаларға жедел ден қоюға, қылмыстың алдын алуға және біздің тұрғындарымызға неғұрлым қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, камералар халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға көмектеседі, – деді аудан басшысы Дархан Смаилов.