2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1,5 мың қазақстандықты әскери дайындыққа шақырған болса, 2024 жылы 3 мың адам шақырылды.
Биыл әскери дайындыққа 3 мың азамат шақырылады
istockphoto.com
721
оқылды

2025 жылы әскери дайындыққа 3 мың әскери міндетті шақырылады, – деп хабарлайды Аikyn.kz

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың бұйрығы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжат 7 ақпанға дейін талқылауда тұрады.

 

Құжатқа сәйкес, әскери дайындық 2007 жылдан бастап, жыл сайын өткізіледі және ұзақтығы 30 күнге дейін болады. Дайындыққа қатысудан жалтару 5 айлық есептік көрсеткіш (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.

Әскери дайындық кезінде әскери қызметшілердің жұмыс орны мен лауазымы сақталады. Оларға орташа жалақы төленеді, ал жұмыс істемейтіндерге – мемлекеттік бюджет есебінен ең төменгі жалақы беріледі.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1,5 мың қазақстандықты әскери дайындыққа шақырған болса, 2024 жылы  3 мың адам шақырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз