АҚШ президенті Дональд Трамптың 2 адамдық, қызыл түсті Ferrari көлігі аукционға шығарылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Бағасы – 1 миллион доллар. Яғни, нарықтағы құнынан 5 есе жоғары.
Саясаткер оны 18 жыл бұрын сатып алған. Бұл мәліметті Rockstar аукцион үйі таратты.
Лот сипаттамасында көліктің жақсы сақталғаны, ал қызыл бояуы арнаулы қаптамамен қорғалғаны айтылады.
Бәссауда 16 ақпанда басталады.