Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті.
Тоқаев Беларусь президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады
602
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Кеше, 26 қаңтар күні Беларусь Республикасы  президентін сайлау өткенін еске саламыз. Сайлаушылар саны 6 900 504 адам, оның ішінде 88 мыңнан астамы бірінші рет дауыс беретін азаматтар. Айта кету керек, Беларусь азаматтарының 41,81 пайызы 21-25 қаңтар аралығында мерзімінен бұрын дауыс берген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.