57 қызметші тәртіптік жазаға тартылды
57 қызметші тәртіптік жазаға тартылды
5,187
оқылды
Түркістан облысындағы алты жүзден астам мем­ле­кет­тік органда мемле­кеттік лауазымдар­дың жалпы са­ны 7 061 құраса, оның 6,4 па­йызы бос тұр. Бұл ту­­ралы Өңірлік комму­ни­ка­­­циялар қызметінде құ­зыр­­­­лы орган өкілдерінің қа­­­ты­­суымен өткен баспа­сөз бри­фингін­де белгілі бол­­­ды. Облыстық Өңірлік коммуника­ция­лар қызметінде баспасөз бри­фин­гін өткізген Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Ерма­хан­бетов және департамент бас­қар­­масының басшысы Н.Шын­таев өңірдегі мемлекеттік қыз­мет пен қызметшілердің жай-күйі­не тоқталды. Департамент қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп­ті сақ­таудағы жауапкершілік дең­ге­йін арттыруды, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді. «Өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңес­те 88 тәртіптік іс қаралып, нәти­же­сінде 57 қызметші әртүрлі тәр­тіптік жазаға тартылды», – деді де­партамент басшысының орын­ба­сары Е.Ермаханбетов. Айта кету керек, бүгінгі күні Түркістан облысында барлығы 610 мемлекеттік орган, яғни 449 жер­гілікті атқарушы және 161 ор­талық органдардың аумақ­тық департаменттері жұмыс істей­ді. Облыстағы мемлекеттік лауа­зым­дар саны – 7 061, нақты саны – 6 604, бос лауазым – 457 бірлік немесе өңірдегі жалпы штаттың 6,4 пайызы екен. Одан бөлек, өңірде қыз­мет­ші­лер­дің әрбір үшіншісі 30-39 жас ара­лығындағы белсенді жас, яғни облыстағы қызметшілердің орта­ша жасы – 39,7. «Өңірдегі мемлекеттік қызмет­шінің 4 849-ы ер адам болса, 1 755-і әйел қауымы. Облыстағы жоғары білімі бар қыз­метшілер саны – 6 179 немесе 93,5 пайыз. 10 адам «Болашақ» бағ­дар­лама­сының түлектері болса, 24 қызметкер Мемлекеттік басқару академиясында білім алған. Ал 425 маман орта және арнаулы орта білімі бар қызметшілер», – деді Н.Шынтаев.   Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы