Кәмелет жасқа толмаған балаларды соққыға жығу дерегі жыл басынан бері Атырауда екінші рет тіркеліп отыр.
Жетім баланы соққыға жыққан
689
оқылды

Атырауда көлік жүргізушісі жетім баланы соққыға жықты. Бұл туралы  Аikyn.kz хабарлайды. Оқыс оқиға "Шаңырақ" балалар ауылында тіркелді. Желіде тараған видеода оқиғаның спорт залында болғаны анық көрініп тұр. Жартылай жалаңаш ер адам жасөспірімді соңынан қуып жүріп, соққыға алған.

 Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап жатыр. Атырау облысы Білім беру басқармасы оқиғаны растады. 

– "Бала көлік жүргізушісімен әзілдескенін, ол кісінің әзілді көтере алмай соққыға жыққанын және ол жүргізушіге ренжімейтінін айтты. 

Бірақ, іс басқарманың бақылауына алынды. Қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.

"Шаңырақ" балалар ауылында 36 бала тәрбиеленуде.

Өткен аптада Атырауда "Зейнеп – Әмина" балабақшасында жас баланы тәрбиеші тепкінің астына алғаны туралы хабар тараған еді. Кәмелет жасқа толмаған балаларды соққыға жығу дерегі жыл басынан бері Атырауда екінші рет тіркеліп отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.